date

«Бавария» 2025 жылы Бундеслигада 107 гол соқты

«Бавария» 2025 жылы Бундеслигада 107 гол соқты

Мюнхеннің «Бавария» клубы 2025 жылғы ұлттық чемпионат ойындарында соғылған гол саны бойынша Еуропаның топ-лигаларында көш бастап тұр. Бундеслигада биыл бавариялықтар 107 гол жинады. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарбереді.

Бундеслига тарихында бір күнтізбелік жыл ішінде бұдан да көп гол соққан клуб тек бір рет қана болған — бұл нәтижені де дәл «Бавария» тіркеген. Мюнхен командасы 2021 жылы Германия чемпионаты аясында 116 гол соғуға қол жеткізген.

Еске сала кетейік, Германияның қазіргі чемпионы «Бавария» осы маусымда да көш бастап келеді. 15-турдан кейін мюнхендіктердің еншісінде 41 ұпай бар — яғни олар 45 мүмкін ұпайдың небәрі 4 ұпайын жоғалтқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Бавария» 2025 жылы Бундеслигада 107 гол соқты