date

Криштиану Роналду 957-голын соғып, 2026 жылға ишара жасады

Криштиану Роналду 957-голын соғып, 2026 жылға ишара жасады

Сауд Арабиясы Про-лигасының 12-туры аясында «Аль Иттифақпен» болған (2:2) тең ойыннан кейін «Ан-Наср» капитаны Криштиану Роналду жанкүйерлерге үн қатты. Португалиялық жұлдыз әлеуметтік желідегі парақшасында команданың болашақ жоспарлары туралы қысқа, бірақ сенімді пікір қалдырды.

«Біз дұрыс жолдамыз және 2026 жылы не істеуіміз керегін нақты білеміз», — деп жазды Роналду.

Бұл матчтағы гол Роналду үшін кәсіби мансабындағы 957-гол болды. 40 жастағы шабуылшы биылғы маусымда да жоғары нәтижелілігін сақтап отыр: Про-лигада 11 ойында 13 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Қазір «Ан-Наср» 11 кездесуден кейін 31 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Команда ең жақын қуғыншы «Ат-Таавуннан» үш ұпай алда келеді.

Роналдудың алаңдағы тұрақты ойыны және матчтан кейінгі нық мәлімдемесі «Ан-Насрдың» тек осы маусымға ғана емес, алдағы жылдарға да үлкен мақсат қойғанын көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Криштиану Роналду 957-голын соғып, 2026 жылға ишара жасады