date

Жарақат алған Мбаппе «Атлетикоға» қарсы ойнағысы келеді

Жарақат алған Мбаппе «Атлетикоға» қарсы ойнағысы келеді

Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе қалпына келу мерзімін жеделдетіп, күтілгеннен ертерек сапқа қосылуды көздеп отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарлайды.

Француз футболшысының жарақаты 2025 жылдың соңғы күні белгілі болған еді. Алғашқы болжамдарға сәйкес, ол Испания Суперкубогының жартылай финалында «Атлетикоға» қарсы матчқа үлгермеуі мүмкін болатын, алайда ойыншы бұл болжаммен келіскісі келмейді. Diario AS мәліметінше, Мбаппенің мақсаты — жарақатын мүмкіндігінше тезірек емдеп, дербиде «ақтар» командасына көмектесу.

«Реал» — «Атлетико» кездесуі 8 қаңтар күні өтеді. Оған дейін, 4 қаңтарда Хаби Алонсоның командасы Ла Лигада «Бетиске» қарсы ойнайды.

Осы маусымда Мбаппе 24 ойында 29 гол соғып, жоғары нәтиже көрсетіп жүр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Жарақат алған Мбаппе «Атлетикоға» қарсы ойнағысы келеді