date

«Реал» Мбаппені «Атлетикоға» қарсы алаңға шығармауға бейім

«Реал» Мбаппені «Атлетикоға» қарсы алаңға шығармауға бейім

Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақатынан қалпына келуді жалғастырып жатыр. 27 жастағы француз футболшысында тізе байламдарының созылуы анықталған. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Бастапқыда оның Испания Суперкубогының жартылай финалындағы «Атлетикоға» қарсы матчқа үлгермейтіні айтылған. Алайда Мбаппенің өзі мүмкіндігінше тезірек сапқа қосылып, «матрасшыларға» қарсы дербиде ойнауды көздейді.

Журналист Альваро Эстебанның мәліметінше, «Реал» ішінде шабуылшыны алдағы дербиде алаңға шығармау керек деген пікір бар. Клубта жарақаттың асқынып кету қаупі өте жоғары екенін атап өтуде.

«Реал» — «Атлетико» кездесуі 8 қаңтар күні Сауд Арабиясында өтеді. Мбаппенің командамен бірге сапарға шығатыны-шығпайтыны әзірге белгісіз, түпкілікті шешім, мүмкін, соңғы минуттарда қабылданады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Реал» Мбаппені «Атлетикоға» қарсы алаңға шығармауға бейім