Аке: ойын тәжірибесінсіз Куманға шақыру қиын

«Манчестер Сити» қорғаушысы Натан Аке Нидерланд құрамасының бас бапкері Роналд Куманмен болған әңгімесінің егжей-тегжейін айтты. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарлайды.
Акенің айтуынша, Куман бірнеше рет одан көбірек ойнауды күтетінін жеткізген және алаңдағы уақыты аз болса, футболшыны құрамаға шақыру қиындайтынын атап өткен. Қорғаушы әрбір футболшы мүмкіндігінше көбірек ойнағысы келетінін айтып, өзі де күресті жалғастыратынын мәлімдеді.
Ағымдағы маусымда 30 жастағы футболшы барлық турнирлерді қоса есептегенде 13 матчқа қатысып, әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты келесі жазда АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз