date

Мадуэке: «Арсенал» чемпиондық жарыстан қорықпауы керек

Мадуэке: «Арсенал» чемпиондық жарыстан қорықпауы керек

Лондондық «Арсенал» клубының футболшысы Нони Мадуэке команданың АПЛ-дегі чемпиондық күресі туралы пікірін білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарбереді.

Сенбі күні Микел Артетаның шәкірттері сырт алаңда «Борнмутты» 3:2 есебімен жеңді. «Зеңбірекшілер» 48 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр, кейінгі орындарда «Астон Вилла» (42) және «Манчестер Сити» (41) келеді. «Қалалықтардың» қорда бір ойыны да бар.

«Чемпиондық туралы әңгіме бәрібір болады. Бұл тақырыптан қашпауымыз керек — қысымды қабылдаймыз. Қазір біз алдамыз, қарсыластар бізді қуып жетуге мәжбүр, ал біз өз ісімізді жалғастырамыз: ойындарды жеңу. Жоспарымыз да осы», — деп Мадуэкенің сөзін журналист Коннор Хамм келтірді.

Еске сала кетейік, «Арсенал» Англия чемпионы атағын соңғы рет 2004 жылы жеңіп алған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мадуэке: «Арсенал» чемпиондық жарыстан қорықпауы керек