«Бавария» шабуылшы Бара Сапоко Ндиайені жалға алды

Мюнхеннің «Бавария» клубы құрамын тағы бір футболшымен күшейтті. Германияның қазіргі чемпионының ресми сайты командаға шабуылшы Бара Сапоко Ндиайе қосылғанын хабарлады. Бұл туралы euro-football.ru жазады.хабарлайды.
18 жастағы форвард Мюнхен клубына Гамбиядағы «Gambinos Stars Africa» командасынан жалға алу негізінде ауысты. Ндиайе ағымдағы маусымның соңына дейін «Бавария» намысын қорғайды.
Бундеслигада 15 турдан кейін «Бавария» турнир кестесінде көш бастап тұр. Венсан Компани баптайтын команда 41 ұпай жинады.
11 қаңтар күні «Бавария» өз алаңында «Вольфсбургті» қабылдайды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз