date

Маротта «Интердің» Канселу бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын айтты

Маротта «Интердің» Канселу бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын айтты

«Интер» президенті Джузеппе Маротта миландықтардың «Әл-Хиләл» қорғаушысы Жоау Канселуды қатарға қосуы мүмкін деген қауесеттерге пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабарладыхабарлайды.

Мароттаның айтуынша, Дензел Дюмфрис жарақаттан кейін шамамен тағы екі айдай қалпына келеді және дәл осы жағдай клубты оң қаптал қорғаушысы бойынша трансфер нарығына шығуға мәжбүрлеп отыр. «Біз Канселу мәселесін талқылап жатырмыз. Дюмфристің жоқтығын ескерсек, бізге оң қорғаушы керек. Канселудың жалақысы жоғары, сондықтан қазір жағдайдың егжей-тегжейін нақтылап жатырмыз. Бірақ бір нәрсе анық: «Интерге» оң қорғаушы қажет», — деп Мароттаның сөзін Фабрицио Романо келтіреді.

Сондай-ақ клуб басшысы Канселу бойынша ықтимал келісім «Әл-Хиләлдің» орталық қорғанысты күшейту жоспарына да байланысты болуы мүмкін екенін растады. Сауд клубы Франческо Ачерби немесе Стефан де Врей нұсқаларын қарастырып жатыр, ал Канселу сол пакет келісімнің бір бөлігі болуы ықтимал.

Жоау Канселу 2024 жылдың жазында «Манчестер Ситиден» «Әл-Хиләлге» 25 млн еуроға ауысты. Оның келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Ағымдағы маусымда португалиялық 6 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Еске сала кетейік, Канселу бұған дейін де «Интер» сапында ойнаған: 2017–2018 жылдары миландықтар оны «Валенсиядан» жалға алған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Маротта «Интердің» Канселу бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын айтты