date

Киммих «Бавариядағы» ең үздік серіктесін атады

Киммих «Бавариядағы» ең үздік серіктесін атады

Мюнхеннің «Бавария» клубының жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих мансабы барысында бір командада ойнаған ең мықты футболшы кім болғаны туралы сұраққа жауап берді. Неміс хавбек «Бавария» сапына 2015 жылы қосылған. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Киммихтің айтуынша, шеберлік пен менталитет тұрғысынан Франк Рибери өте әсерлі футболшы болған. Ал таза талант туралы айтқанда, ол бәрін істей алатын Тьяго Алькантараға ерекше тоқталды.

Алайда барлық қырын жинақтап бағалағанда, Киммих үшін ең үздік серіктес — Давид Алаба. Ол Алабаның тек алаңда ғана емес, киім ауыстыратын бөлмеде де маңызды тұлға болғанын, бәрімен тіл табысып, команданы біріктіргенін және әрдайым көмектесіп жүргенін атап өтті. Футболшы бұл пікірін Bild басылымына берген сұхбатында айтты.

Еске сала кетейік, Давид Алаба 2021 жылға дейін «Баварияда» ойнады, содан кейін еркін агент ретінде Мадридтің «Реал» клубына ауысты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Киммих «Бавариядағы» ең үздік серіктесін атады