date

Нойер «Бавариямен» келісімшарт бойынша шешім мерзімін атады

Нойер «Бавариямен» келісімшарт бойынша шешім мерзімін атады

Мюнхеннің «Бавария» клубының қақпашысы Мануэль Нойер болашағы туралы айтып, келісімшартты ұзарту мәселесі бойынша түпкілікті шешімді қашан қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Оның айтуынша, келіссөздер оң бағытта өтіп жатыр, алайда қақпашы алдағы айлардың қалай өтетінін бақылағысы келеді. Нойер түпкілікті шешімін наурыздың соңы немесе сәуірдің басында жариялайтынын айтты.

Анықтама үшін: Нойер 2011 жылы «Шалькеден» «Баварияға» 30 миллион еуроға ауысты. Германия чемпиондарымен қолданыстағы келісім 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Ағымдағы маусымда ол мюнхендіктер сапында 20 матч өткізіп, 21 гол жіберді және 6 ойында қақпасын құрғақ сақтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Нойер «Бавариямен» келісімшарт бойынша шешім мерзімін атады