date

«Бавария» Упамеканомен жаңа келісімшарт бойынша келісе алмай отыр

«Бавария» Упамеканомен жаңа келісімшарт бойынша келісе алмай отыр

Мюнхеннің «Бавария» клубы орталық қорғаушы Дайо Упамеканомен жаңа келісімшарт бойынша әлі де ымыраға келе алмай отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарлайды.

Sky Sports мәліметінше, жуырда клуб басшылығы мен француз футболшысының агенттері кезекті кездесуді өткізген, алайда келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу болмаған. Бүгінгі баспасөз мәслихатында Упамекано да қолданыстағы келісімі төңірегіндегі жағдайға тоқталды.

«Егжей-тегжейіне тоқталғым келмейді. «Бавариямен» келіссөз жүргізіп жатырмын. Айта алатыным — осы ғана», — деді француз қорғаушысы.

Упамеканоның «Бавариямен» қолданыстағы келісімшарты 2026 жылғы 30 маусымға дейін есептелген. Сондықтан ол жазғы трансфер бойынша басқа клубтармен де еркін келіссөз жүргізуге құқылы. Ағымдағы маусымда қорғаушы 21 матчқа қатысып, 1 гол соқты. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 70 млн еуроға бағалап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Бавария» Упамеканомен жаңа келісімшарт бойынша келісе алмай отыр