date

«Манчестер Сити» қорғаушысы Аке АПЛ-дегі басқа клубқа ауысуы мүмкін

«Манчестер Сити» қорғаушысы Аке АПЛ-дегі басқа клубқа ауысуы мүмкін

Нидерландиялық қорғаушы Натан Акеға «Борнмут» қызығушылық танытып отыр деген ақпарат бар. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Дереккөздерге сүйенсек, «шиешілер» Акені қаңтардағы трансфер терезесінде құрамға қосуды қалайды. Әзірге футболшыны қысқа мерзімді жалға алу туралы сөз болып отыр. Акенің «Манчестер Сити»дегі қазіргі жағдайына көңілі толмайтыны және кетуді талап етіп отырғаны айтылуда. Ол маусым соңына дейін тұрақты ойын тәжірибесін алып, алдағы әлем чемпионатына жақсы спорттық қалыпта жетуді көздейді.

Қорғаушыны «Атлетико», «Барселона» және АПЛ-дің тағы бірнеше клубы да бақылап жүр. Соған қарамастан, дәл қазір Аке үшін ең ықтимал нұсқа ретінде «Борнмут» қарастырылуда.

Ағымдағы маусымда 30 жастағы Аке барлық турнирде 16 матчқа қатысып, гол да, ассист те тіркеген жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Манчестер Сити» қорғаушысы Аке АПЛ-дегі басқа клубқа ауысуы мүмкін