date

Боснич Аморимнен кейін «Манчестерге» Саутгейтті ұсынды

Боснич Аморимнен кейін «Манчестерге» Саутгейтті ұсынды

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қақпашысы Марк Боснич Рубен Аморимнің отставкасынан кейін клубтың бас бапкері кім болуы керектігі туралы пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Еске сала кетейік, 5 қаңтар күні ағылшын клубы португалиялық маман Рубен Амориммен қоштасқанын ресми түрде жариялады. Босничтің пікірінше, «қызыл ібілістердің» тізгінін ағылшын бапкері Гарет Саутгейт алғаны дұрыс.

«Ол Англия құрамасын тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірінде қабылдап алып, команданы екі ірі нәтижеге жеткізді: Еуропа чемпионатының финалы және әлем чемпионатының жартылай финалы», — деп Босничтің сөзін BBC келтіреді.

Сарапшы Саутгейттің тағы бір артықшылығы ретінде басшылықпен дұрыс әрі тиімді қарым-қатынас орната алуын да атап өтті.

АПЛ-дың 20-турынан кейін «Манчестер Юнайтед» 31 ұпаймен турнир кестесінде 6-орында келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Боснич Аморимнен кейін «Манчестерге» Саутгейтті ұсынды