date

«Манчестер Юнайтед» бас бапкерлікке 36 жастағы үміткерді қарастыруда

«Манчестер Юнайтед» бас бапкерлікке 36 жастағы үміткерді қарастыруда

Рубен Амориммен қоштасқан «Манчестер Юнайтед» жаңа бас бапкер мәселесі бойынша белсенді ізденісті жалғастырып жатыр. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.

The Telegraph журналисі Джейсон Берттің хабарлауынша, «қызыл ібілістер» «Порту» бапкері Франческо Фариолиді тағайындау нұсқасын талқылаған. Дереккөзге сүйенсек, италиялық маманның кандидатурасы басшылық деңгейінде қарастырылған, алайда әзірге түпкілікті шешім бойынша нақты ұстаным қалыптаспаған.

Франческо Фариоли 2025 жылдың жазында «Порту» тізгінін қолға алған. Ол мансабы барысында «Фатих Карагюмрюк», «Аланьяспор», «Ницца» және «Аякс» клубтарында да жұмыс істеген. Қазір 36 жастағы бапкер жетекшілік ететін «Порту» Португалия чемпионатында 17 турдан кейін 49 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Манчестер Юнайтед» бас бапкерлікке 36 жастағы үміткерді қарастыруда