«Манчестер Юнайтед» 2026 жылғы ӘЧ-тан кейін Анчелоттиді шақыруы мүмкін

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти «Манчестер Юнайтедте» босап қалуы мүмкін бас бапкерлік орынға келесі маңызды үміткер ретінде аталып жүр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
Daily Mail журналисі Крис Уилердің мәліметінше, «қызыл сайтандар» 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін италиялық маманды командаға шақыру нұсқасын қарастырып отыр. Клуб жазға дейін уақытша бапкермен жұмыс істеп, басшылық Анчелоттиден лайықтырақ үміткер таба алмаса, бұл сценарий жүзеге асуы мүмкін.
Анчелотти Бразилия құрамасымен 2025 жылғы мамырда келісімшартқа қол қойған. Бұған дейін ол төрт жыл бойы «Реалды» басқарған. Тәжірибелі бапкер мансабында «Реджана», «Парма», «Ювентус», «Милан», «Челси», «ПСЖ», «Бавария», «Наполи» және «Эвертон» клубтарында да жұмыс істеген.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!