date

Сульшер табысқа жетсе, «МЮ»-да тұрақты қалғысы келеді

Сульшер табысқа жетсе, «МЮ»-да тұрақты қалғысы келеді

Уле Гуннар Сульшер «Манчестер Юнайтедке» қайта оралуға дайындалып жатыр. Сенімді дереккөздерге сүйенсек, клубпен өткен келіссөздерден кейін норвегиялық маман «қызыл сойқандардың» бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалуға өте жақын. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды хабар береді.

Журналист Джейми Джексонның мәліметінше, 52 жастағы бапкер тек қысқа мерзімді рөлмен шектелгісі келмейді. Сульшер осы маусымда командамен нәтиже көрсетіп, өз әлеуетін дәлелдей алса, «Манчестер Юнайтедте» тұрақты бас бапкер болып қалуға үміттенеді.

Еске сала кетейік, мұндай сценарий Сульшердің мансабында бұрын да болған: ол 2018 жылдың соңында уақытша бас бапкер болып келген, ал 2019 жылдың наурызында ресми түрде тұрақты бапкер ретінде бекітіліп, 2021 жылдың қарашасындағы отставкасына дейін қызмет атқарған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Сульшер табысқа жетсе, «МЮ»-да тұрақты қалғысы келеді