Симоне Индзаги «Манчестер Юнайтед» ұсынысын қабылдамады

Миланның «Интер» клубындағы нәтижелі еңбегімен танылған италиялық бапкер Симоне Индзаги «Манчестер Юнайтедтің» назарында болды. Осы аптада манкуниандықтар португалиялық Рубен Амориммен ынтымақтастықты аяқтаған еді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды хабар береді.
Инсайдер Николо Скираның әлеуметтік желідегі мәліметіне сәйкес, «қызыл сайтан» Индзагимен келіссөз бастауға тырысқан. Алайда маман қазіргі командасы — Сауд Арабиясының «Әл-Хиләл» клубында қалуды таңдады.
Қазіргі уақытта «Манчестер Юнайтед» Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде 6-орында тұр. Клубтың еншісінде 31 ұпай бар.




















Пікірлер 0
…