CIES нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшы — Ямаль

CIES Football Observatory мамандары өз моделіне сүйене отырып, футболшылардың нарықтық құнын есептеп шықты. Нәтижеге сәйкес, қазір әлемдегі ең қымбат футболшы — «Барселона» вингері Ламин Ямаль. 18 жастағы таланттың құны 343,1 млн еуроға бағаланды. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
Рейтингте екінші орынды «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд иеленді — 255,1 млн еуро. Ал үздік үштікті «Реал» жұлдызы Килиан Мбаппе 201,3 млн еуролық көрсеткішпен түйіндеді.
Топ-10 тізімінің келесі орындарында Джуд Беллингем (153,1 млн), Майкл Олисе (136,9 млн), Флориан Вирц (135,8 млн), Дезире Дуэ (134,6 млн), Жоау Невеш (130,6 млн), Арда Гюлер (130,3 млн) және Педри (130 млн) аталды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз