date

Холанд АПЛ тарихындағы 35 мыңыншы голдың авторы атанды

Холанд АПЛ тарихындағы 35 мыңыншы голдың авторы атанды

Англия футболында АПЛ-дың 21-тур матчтары жалғасуда. «Манчестер Сити» өз алаңында «Брайтонды» қабылдап, бірінші таймның соңында есеп ашты. Норвегиялық Эрлинг Холанд пенальтиді дәл орындап, командасын алға шығарды. Бұл туралы euro-football.ru хабарлады. хабар етті.

Қызығы, Холанд соққан гол АПЛ тарихындағы мерейтойлық — 35 000-шы гол ретінде тіркелді.

Есеп 1992 жылғы 15 тамыздан, яғни Англия Премьер-лигасы алғашқы ойындарын өткізген күннен бастап жүргізіледі. Салыстыру үшін: 30 000-шы гол 2021 жылғы тамызда соғылған, содан кейін 4 жыл 131 күн ішінде тағы 5 мың гол қосылды.

Еске салайық, Холанд 2022 жылдан бері «Манчестер Сити» сапында ойнап келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Холанд АПЛ тарихындағы 35 мыңыншы голдың авторы атанды