date

Ким Мин Джэ «Бавариядан» кетуі туралы қауесеттерге жауап берді

Ким Мин Джэ «Бавариядан» кетуі туралы қауесеттерге жауап берді

Мюнхеннің «Бавария» клубының қорғаушысы Ким Мин Джэ қысқы трансфер терезесінде-ақ командадан кетуі мүмкін деген қауесеттерге пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Schwabische Zeitung басылымына берген сұхбатында кореялық футболшы «Бавариядан» кету туралы мүлде ойламағанын айтты. Ол Мюнхенде өзін өте жайлы сезінетінін және клубқа келгеннен бері команда тарапынан жылы қабылданғанын атап өтті. Кимнің биылғы негізгі мақсаттары — «Бавариямен» требл ұту, негізгі құрамдағы орнын нығайту және әрдайым алаңға шығуға дайын болу.

Ким Мин Джэ 2023 жылдың жазында «Наполиден» 50 миллион еуроға «Баварияға» ауысты. Оның келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Ағымдағы маусымда қорғаушы 17 ойында алаңға шығып, бір нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ким Мин Джэ «Бавариядан» кетуі туралы қауесеттерге жауап берді