date

Инсайдер «Реалдың» Шлоттербекке қызығушылығы сақталып отырғанын айтты

Инсайдер «Реалдың» Шлоттербекке қызығушылығы сақталып отырғанын айтты

Дортмундтың «Боруссия» командасында орталық қорғаушы болып ойнайтын Нико Шлоттербек әлі де Мадридтің «Реал» клубының назарында қалып отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.

Дереккөздерге сүйенсек, «қаймақтылар» қорғаныс шебін күшейту нұсқаларының қатарында Шлоттербектің есімін де қарастырып отыр. Фабрицио Романоның мәліметінше, «Реал» неміс футболшысының әлеуетін жоғары бағалап, жазғы трансфер терезесі алдында ықтимал келісім мүмкіндіктерін зерттеуде. Алайда әзірге нақты қадамдар жоқ — соңғы уақытта келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу байқалмаған.

Transfermarkt порталы Шлоттербектің нарықтық құнын 55 миллион еуроға бағалады. Әртүрлі қауесеттерге қарағанда, 26 жастағы қорғаушыға «Бавария», «Барселона» және «Ливерпуль» де қызығушылық танытып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Инсайдер «Реалдың» Шлоттербекке қызығушылығы сақталып отырғанын айтты