date

Упамекано «Бавариямен» ұзақ мерзімді келісімшартқа жақын

Упамекано «Бавариямен» ұзақ мерзімді келісімшартқа жақын

Мюнхеннің «Бавария» клубы орталық қорғаушы Дайо Упамеканомен келісімді ұзартуға өте жақын. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

L’Equipe мәліметінше, жаңа келісім 2030 немесе 2031 жылға дейін есептелуі мүмкін. Келісімшартта футболшының жылдық жалақысы 20 миллион еуро болып белгіленіп, сондай-ақ 20 миллион еуро көлемінде қол қою бонусы қарастырылатыны айтылуда. Бұдан бөлек, келісімге 65 миллион еуролық өтемақы (release clause) тармағы енгізіліп, ол 2027 жылдан бастап күшіне енеді.

Упамекано 2021 жылы «РБ Лейпцигтен» «Баварияға» 42 миллион еуроға ауысқан. Қазіргі келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Осы маусымда ол мюнхендіктер сапында 21 матчқа қатысып, 1 гол соқты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Упамекано «Бавариямен» ұзақ мерзімді келісімшартқа жақын