«Әл-Насрдың» бұрынғы футболшысы Роналдудың мансабын сынға алды

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнаған бұрынғы футболшы Хусейн Әл-Сулеймани 40 жастағы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду туралы қатаң пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
Әл-Сулеймани әлеуметтік желідегі белсенділіктен гөрі, футболшының алаңдағы еңбегін көргісі келетінін атап өтті. Оның айтуынша, Роналду команда капитаны әрі көшбасшы ретінде көбірек жұмыс істеп, ойында айырмашылық жасауы керек. «Өткенде не болғаны маңызды емес, ол — тарих. Маңыздысы — қазір командаға қандай пайда әкеліп жатқаны», — деп Kooora Әл-Сулейманидің сөзін келтіреді.
Мәлімет үшін: Роналду «Әл-Наср» сапына 2023 жылдың қаңтарында қосылды. Ағымдағы маусымда ол 13 матчқа қатысып, 14 гол соқты.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз