date

«Бавария» Нойердің болашағы туралы нақты пікір айтты

«Бавария» Нойердің болашағы туралы нақты пікір айтты

Мюнхеннің «Бавария» клубының спорт директоры Макс Эберль команданың қақпашысы Мануэль Нойердің болашағына қатысты пікір білдірді. 38 жастағы қақпашының қолданыстағы келісімшарты биылғы жазда аяқталады. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды. хабар береді.

«Нойер клуб үшін өте көп еңбек сіңірді. Жақында ол 40 жасқа таяйды, бірақ Мануэль әлі де жоғары деңгейде ойнап жүр. Біз келіссөз үстеліне отырып, жаңа келісімшарт мәселесін талқылаймыз», — деп Эберльдің сөзін Bayern&Germany парақшасы келтірді.

Еске сала кетейік, Нойер 2011 жылдың жазынан бері мюнхендіктердің намысын қорғап келеді.

Ағымдағы маусымда қақпашы 20 матчқа қатысып, 21 гол жіберіп алды. Алты кездесуде қақпасын голдан аман сақтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Бавария» Нойердің болашағы туралы нақты пікір айтты