Сергей Юран Түркиядағы екі клубтан ұсыныс күтуде

Танымал бапкер Сергей Юран Түркияның екі клубы оның қызметіне қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді. Маман нақты қай командалар екенін атамады, бірақ олардың қай дивизионда ойнайтынын айтты. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды. хабар лайды.
Юранның айтуынша, ол агентімен үнемі байланыста: бір ұсыныс Түркия Суперлигасынан, екіншісі Бірінші лигадан келіп отыр. Бапкер жақын күндері бұл мәселе бойынша анықтық болуы мүмкін екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, Сергей Юран екі айдан астам уақыт бойы бапкерлік қызметсіз жүр. Қазан айының соңында ол «Серик Беледиеспор» клубындағы бас бапкер қызметінен кетті, ол жерде бар болғаны 11 ресми матчта команданы басқарған еді.
Бір апта бұрын Юран әзірге жай ғана демалып жүргенін айтқан болатын.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз