date

АПЛ клубы Винисиус Жуниорды трансферлеуді көздейді

АПЛ клубы Винисиус Жуниорды трансферлеуді көздейді

Мадридтің «Реал» клубында ойнайтын шабуылшы Винисиус Жуниор мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Fichajes мәліметінше, бразилиялық футболшыға «Манчестер Юнайтед» тарапынан елеулі қызығушылық бар. Ал «Реал» ойыншыны шамамен 150 миллион еуро көлеміндегі ұсыныс болған жағдайда ғана сатуды қарастыруға дайын.

Винисиус 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға мадридтік клубқа ауысқан. Оның «корольдік клубпен» қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Ағымдағы маусымда ол «Реал» сапында 26 матч өткізіп, 5 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы Винисиустың нарықтық құнын 150 миллион еуроға бағалап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » АПЛ клубы Винисиус Жуниорды трансферлеуді көздейді