«Ливерпуль» АПЛ-дегі екі жұлдыз қорғаушыны бақылап жүр

«Ливерпуль» жаңа маусым алдында қорғаныс шебін күшейту үстінде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды хабарлайды .
Джеймс Уотлендтің мәліметінше, мерсисайдтықтар Англия чемпионатында ойнап жүрген екі танымал қорғаушыға назар аударған. Әңгіме «Тоттенхэм» өкілі Микки ван де Вен және «Манчестер Сити» футболшысы Йошко Гвардиол туралы болып отыр.
Дереккөзге сүйенсек, Англияның қазіргі чемпиондары да жазғы трансфер терезесінде ван де Вен нұсқасын қарастырып жатыр. Ал Гвардиолдың «қалалықтармен» қолданыстағы келісімшартының аяқталуына тағы екі жыл бар, «Ливерпуль» болса оның айналасындағы жағдайды мұқият бақылап отыр.
Микки ван де Вен 2023 жылдың жазында «Вольфсбургтен» «Тоттенхэмге» 40 миллион еуроға ауысты. Ағымдағы маусымда ол 27 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Йошко Гвардиол 2023 жылы «Лейпцигтен» «Манчестер Ситиге» 90 миллион еуроға ауысқан еді. Осы маусымда ол 23 ойында 2 гол соғып, 5 голдық пас жасады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!