date

Бернарду Силваны алу жарысында «Ювентус» алда

Бернарду Силваны алу жарысында «Ювентус» алда

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва мансабын Италия чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

«Қалалықтардың» капитанының қолданыстағы келісімшарты маусым соңында аяқталады және үлкен ықтималдықпен ұзартылмайды. Fichajes мәліметінше, 31 жастағы португалиялық футболшы үшін күресте әзірге «Ювентус» көш бастап тұр. Бұған дейін Силваға «Галатасарай» мен Сауд Арабиясы чемпионатының өкілдері де қызығушылық танытып отырғаны жазылған еді.

Бернарду Силва 2017 жылдан бері «Манчестер Сити» сапында ойнап келеді. Ағымдағы маусымда ол Хосеп Гвардиола командасы құрамында 28 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бернарду Силваны алу жарысында «Ювентус» алда