date

«Әл-Иттихад» Бенземамен келісімшартты ұзартқысы келеді

«Әл-Иттихад» Бенземамен келісімшартты ұзартқысы келеді

Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубы шабуылшы Карим Бенземаны командада қалдыруды көздейді. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.

Инсайдер Николо Скираның мәліметінше, клуб француз футболшысына 2028 жылға дейінгі жаңа келісім ұсынған. Тараптар әзірге келісімге келу үшін келіссөздерді жалғастырып жатыр.

Бензема 2023 жылы Мадридтің «Реал» клубынан «Әл-Иттихад» сапына еркін агент ретінде ауысқан еді. Оның қолданыстағы келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін күшінде. Ағымдағы маусымда француз футболшысы барлық турнирде 17 матчқа қатысып, 15 гол соқты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Әл-Иттихад» Бенземамен келісімшартты ұзартқысы келеді