Гарри Кейн гол сериясын қатарынан төрт ойынға ұзартты

Мюнхеннің «Бавария» клубының шабуылшысы Гарри Кейн кезекті голын соғып, нәтижелі сериясын төрт матчқа жеткізді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
Ағылшын форварды Бундеслиганың 16-туры аясында «Вольфсбургке» қарсы ойында да қарсылас қақпасын дәл көздеді. Кездесудің 69-минутында Кейн командасының алтыншы голын соқты.
Бұған дейін ол «Хайденхайм», «Майнц» және «Штутгартқа» қарсы ойындарда да гол авторы болған. Ағымдағы маусымда Кейн клуб деңгейіндегі барлық турнирлерде 25 ойында 30 рет қарсылас қақпасын дәл тапты.
Бундеслигада Англия құрамасының шабуылшысы бар болғаны үш матчта гол соға алмады: 2-турда «Аугсбургке», 8-турда Мёнхенгладбахтың «Боруссиясына» және 12-турда «Санкт-Паулиге» қарсы кездесулерде.
Статистика бойынша, Кейн әзірге әр ойында орта есеппен бір голдан да көп соғып жүр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!