date

Ливерпуль Реал жұлдызы Беллингем үшін 180 млн еуро ұсынуы мүмкін

Ливерпуль Реал жұлдызы Беллингем үшін 180 млн еуро ұсынуы мүмкін

Джуд Беллингемнің «Реалдан» кетуі туралы әңгімелер әзірге көбірек «сары» қауесетке ұқсайды, алайда футболда күтпеген бұрылыстар да болып тұрады. Бірнеше күн бұрын ағылшын жартылай қорғаушысы үшін үміткерлердің бірі ретінде «Челси» аталған еді. Енді «қаймақтылардың» көшбасшысы АПЛ-дың тағы бір алпауыт клубымен байланыстырылып отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.

Инсайдер-журналист Экрем Конур әлеуметтік желілерде «Ливерпуль» Беллингемді қолға түсіру үшін 180 миллион еуро жұмсауға дайын екенін жазды. Мұндай келісім жүзеге асса, мерсисайдтықтар трансфер нарығын едәуір дүр сілкіндіруі мүмкін.

22 жастағы Джуд Беллингем 2023 жылдың жазынан бері «Реалдың» намысын қорғап келеді. Англиялық футболшының Мадрид клубымен қолданыстағы келісімшарты 2028/2029 маусымының соңына дейін есептелген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ливерпуль Реал жұлдызы Беллингем үшін 180 млн еуро ұсынуы мүмкін