date

Гарри Кейн топ чемпионаттарда 20 гол соққан екінші футболшы атанды

Гарри Кейн топ чемпионаттарда 20 гол соққан екінші футболшы атанды

«Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн қаңтар айының өзінде-ақ Бундеслигада 20 гол межесіне жетті. 32 жастағы ағылшын форварды жексенбі күні «Вольфсбургке» қарсы ойында өзінің 20-голын соғып, мюнхендік клуб 8:1 есебімен ірі жеңіске жетті. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды. хабар лайды.

Осылайша Кейн биылғы маусымда Еуропаның бес мықты лигасында 20 гол шегінен асқан екінші футболшы болды. Бұған дейін бұл нәтижені тек «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд тіркеген: ол АПЛ-де 21 матчта 20 голға жетсе, Кейнге Германия чемпионатында бұған 16 ойын жеткілікті болды.

16 турдан кейін «Бавария» 44 ұпаймен Бундеслига кестесінде көш бастап тұр. Мюнхендіктер Дортмундтың «Боруссиясынан» 11 ұпайға озып кетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гарри Кейн топ чемпионаттарда 20 гол соққан екінші футболшы атанды