date

Тоттенхэм Франкты қызметтен босату үшін 23 млн еуро төлеуі мүмкін

Тоттенхэм Франкты қызметтен босату үшін 23 млн еуро төлеуі мүмкін

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Томас Франк жақын арада қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Indykaila News мәліметінше, «шпорлар» құрамындағы кейбір футболшылар даниялық маманның қызметтен босатылатынына сенеді. Егер Лондон клубы бапкерді жұмыстан шығару туралы шешім қабылдаса, келісімшартты бұзу үшін Франкқа 23 миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуге тура келеді. Бұл сома оның «Тоттенхэммен» қолданыстағы келісімінің қалған мерзімі үшін белгіленген.

Томас Франк «Тоттенхэмді» 2025 жылдың жазында қабылдап алған. Қазір команда АПЛ турнир кестесінде 21 турдан кейін 27 ұпаймен 14-орында келеді. 10 қаңтар күні Лондон клубы Англия кубогының 1/32 финалында өз алаңында «Астон Вилладан» 1:2 есебімен жеңілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тоттенхэм Франкты қызметтен босату үшін 23 млн еуро төлеуі мүмкін