«Манчестер Юнайтед» бас бапкерлікке Хаби Алонсоны қарастыруда

«Манчестер Юнайтед» Рубен Аморимнің отставкасынан кейін жаңа бас бапкер іздеу үдерісін жалғастырып жатыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
Indykaila News мәліметінше, «қызыл сайтан» сондай-ақ бұрынғы «Реал» бапкері Хаби Алонсоны шақыру нұсқасын да талқылап жатыр. Клуб басшылығы испаниялық маманға ол мадридтік командадағы қызметінен кеткеннен көп ұзамай назар аударған. Алайда «МЮ» басшылары Алонсоны Англияға келіп, команданы қабылдауға көндіруі керек болады. Қазірше испаниялық бапкердің бұл жұмысқа дайын-дәмесі белгісіз.
Еске салайық, 12 қаңтар күні «Реал» Хаби Алонсоның бас бапкер қызметінен кеткенін ресми түрде мәлімдеді. Ол «корольдік клубты» 2025 жылдың жазынан бері басқарған еді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз