date

ПСЖ «Баварияның» вингері Олисе үшін 100 млн еуро ұсынбақ

ПСЖ «Баварияның» вингері Олисе үшін 100 млн еуро ұсынбақ

«Бавария» жартылай қорғаушысы Майкл Олисе мансабын Францияда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Инсайдер Экрем Конурдың мәліметінше, вингерге «ПСЖ» қызығушылық танытып отыр. Париж клубы жазғы трансфер терезесінде Олисе үшін мюнхендіктерге 100 миллион еуро ұсынуға дайын. Ал «Бавария» футболшыны жібергісі келмейді және оған жақсартылған шарттармен жаңа келісімшарт дайындап жатыр.

Майкл Олисе 2024 жылы «Кристал Пэлас» клубынан «Баварияға» 53 миллион еуроға ауысты. Оның қолданыстағы келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Ағымдағы маусымда Олисе барлық турнирде 29 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы француз футболшысын 130 миллион еуроға бағалап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » ПСЖ «Баварияның» вингері Олисе үшін 100 млн еуро ұсынбақ