date

Гвардиола «Манчестер Ситидегі» жарақаттардың себебін ашты

Гвардиола «Манчестер Ситидегі» жарақаттардың себебін ашты

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола командада жарақаттардың көбейіп кеткені туралы пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

«Қалалықтар» 2026 жылды күткендей бастай алмады: Гвардиоланың командасы кубоктық ойындарда екі матчта жеңіске жеткенімен, Премьер-лига мен Чемпиондар лигасында әзірге жеңіске қол жеткізе алмады — үш тең ойын және екі жеңіліс. Нәтижелердің төмендеуіне жарақат салдарынан бірқатар футболшының қатардан шығуы да әсер етіп отыр.

Бапкер мәселенің түп-тамырын ойындардың шамадан тыс көптігінен көрді. «Өткен маусымда мұндай жағдайға қарашада-ақ тап болғанбыз, бұл жолы қаңтарда қайталанды. Себебі не? Ойындар саны. Бізде керемет дәрігерлер, ең үздік физиотерапевтер бар — олар тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Бірақ негізгі фактор — матчтардың тым көп болуы. Бұл тек бізде ғана емес, басқа клубтарда да солай», — деп Гвардиоланың сөзін City Xtra келтірді.

Сенбі күні «Манчестер Сити» АПЛ-дегі сәтсіз серияны тоқтату үшін өз алаңында «Вулверхэмптонға» қарсы ойнайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола «Манчестер Ситидегі» жарақаттардың себебін ашты