Конференциялар лигасының жартылай финалистері анықталды: сенсациялар болды

Конференциялар лигасының жартылай финалистері анықталды: сенсациялар болды

Еуропаның тағы бір беделді турнирі — Еуропа Конференциялар лигасының ширек финал кезеңі аяқталды. Қызықты және күтпеген нәтижелерге толы матчтар арқылы жартылай финалға шыққан командалар белгілі болды.

Италияның «Фиорентина» командасы өз алаңында «Кристал Пэлас»ты 2:1 есебімен жеңсе де, екі ойынның қорытындысы бойынша ағылшындар келесі кезеңге жол алды. Алғашқы кездесудегі 3:0 есебі «Пэласқа» шешуші басымдық берген болатын.

Фиорентина – Кристал Пэлас 2:1

Голдар: Гудмундссон 30 пенальти, Ндур 53 – Сарр 17

Бірінші ойын: 0:3

Францияның «Страсбург» клубы нағыз сенсация жасай отырып, Германияның «Майнц» командасын турнирден шығарды. Бірінші ойында 0:2 есебімен жеңіліген французтар жауапты матчта қарсылас қақпасына жауапсыз 4 гол соғып, камбэк жасады.

Страсбург – Майнц 3:0

Голдар: Нанаси 26, Уаттара 35, Энсисо, Эмега 74

Бірінші ойын: 0:2

Грекияның АЕК командасы «Райо Вальекано»ны 3:1 есебімен жеңгеніне қарамастан, бірінші ойындағы 0:3 жеңілісі салдарынан турнирді қалдырды. Испаниядағы матчта «Райо» үлкен басымдыққа ие болған еді.

АЕК – Райо Вальекано 3:1

Голдар: Зини 13, 51, Марин 36 пенальти – Палазон 60

Бірінші ойын: 0:3

Нидерландының AZ «Алкмар» және Украинаның «Шахтер» клубтары арасындағы кездесу 2:2 есебімен теңдікпен аяқталды. Бірінші ойындағы 3:0 жеңіс «Шахтерге» жартылай финалға жолдама берді.

AZ – Шахтер 2:2

Голдар: Янсен 73, Син 80 – Алиссон 58, Лука 83

Бірінші ойын: 0:3

Осылайша, Конференциялар лигасының ширек финал кезеңі сенсациялық нәтижелер мен драмалық бұрылыстарға толы түрде аяқталды. Енді жанкүйерлерді бұдан да өткір әрі қызықты жартылай финалдық матчтар күтіп тұр.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар