date

Роналду сүт ішуден толықтай бас тартты

Роналду сүт өнімдерін тұтынудан толықтай бас тарттыРоналду сүт тұтынудан толықтай бас тартты

«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналдуның ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейде өнер көрсетуі кездейсоқтық емес. 41 жастағы футболшы әлі күнге дейін тамаша физикалық формасын сақтап келеді. Оның бұрынғы жеке аспазы Джорджо Бароне спортшының табыс сырлары мен қатаң диетасы туралы мәліметтермен бөлісті. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Бароненің айтуынша, Роналду өз рационынан сүт пен сүт өнімдерін толықтай алып тастаған. Футболшы бұл өнімдерді денсаулық пен қалпына келу процесі үшін зиян деп санайды. Аспаздың айтуынша, Криштиану әрбір жеген тағамына асқан мұқияттылықпен қарап, тек табиғи және пайдалы өнімдерді тұтынуды жөн көреді.


Роналдуның күнделікті мәзірінде негізінен балық, тауық еті, түрлі көкөністер, жемістер мен күріш орын алған. Сондай-ақ, ол қант пен газдалған сусындардан да бас тартқан. Мұндай тәртіп оған тек алаңдағы жылдамдықты сақтауға ғана емес, сонымен қатар жарақаттардан кейін тезірек қалпына келуге көмектеседі.

Қазіргі таңда Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасында ойнап жүрген жұлдыз өзінің кәсіби көзқарасымен жас футболшыларға үлгі болып келеді. Оның аспазы Роналдуның тәртібі тек жаттығуларда ғана емес, асханада да бірінші орында тұратынын атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Роналду сүт ішуден толықтай бас тартты