date

«Барселона» төрешілердің үстінен УЕФА-ға ресми шағым түсірді

"Барселона" төрешілер үстінен УЕФА-ға ресми шағым жолдады

"Барселона" клубы Чемпиондар лигасының ширек финалында "Атлетикодан" жеңілгеннен кейін төрелікке қатысты УЕФА-ға ресми шағым түсірді. Каталониялықтар кездесудің 54-минутында қарсыластың айып алаңында орын алған даулы жағдайды зерттеуді талап етуде.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Клуб мәлімдемесіне сәйкес, қарсылас ойыншысы допты қолымен ойнағанына қарамастан, төреші пенальти белгілемеген және VAR жүйесі де жағдайға араласпаған. "Барселона" басшылығы бұл шешімді өрескел қате деп есептеп, төрешілер арасындағы сөйлесу жазбаларын ұсынуды сұрады.


Сонымен қатар, клуб соңғы жылдары Чемпиондар лигасында төрешілер тарапынан командаға қатысты екіұдай стандарттар қолданылып жатқанын алға тартуда. Алайда мамандар каталониялықтардың бұл айыптауларын негізсіз және өз жеңілістерін ақтауға тырысу деп бағалап отыр.

Бас бапкер Ханси Флик те ойыннан кейін төреші Шимон Марциняктың әрекеттеріне көңілі толмайтынын білдірді. Германиялық маман барлық даулы сәттер қарсыластың пайдасына шешілгенін және бұл нәтижеге тікелей әсер еткенін атап өтті.


Еске сала кетейік, алғашқы кездесуде "Атлетико" 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Енді Ламин Ямал мен оның командаластары қарымта ойында өздерінің шынайы күшін көрсетіп, келесі кезеңге шығу үшін күресуі керек болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Барселона» төрешілердің үстінен УЕФА-ға ресми шағым түсірді