date

«Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде мансабының басындағы қиындықтар туралы айтып берді

"Реал Мадрид" жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде мансабының алғашқы кезеңіндегі қиындықтар туралы айтып берді

«Реал Мадрид» және Уругвай құрамасының капитаны Феди Вальверде мансабының алғашқы жылдарындағы қиындықтар мен күтпеген оқиғалар туралы айтып берді. Футболшы Мадрид клубына ауысқан алғашқы кезеңде өзін басқа әлемге түсіп қалғандай сезінгенін мойындады.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Вальверде «Кастилья» командасында ойнап жүргенде командаластарының қымбат көліктері мен бренд киімдерін көріп, өзін ыңғайсыз сезінген. Уругвайлық жартылай қорғаушы сол кезде киімдерін басқалар көрмеуі үшін тез ауыстырып алуға тырысқанын еске алды.

Жаттығулар барысында Вальверде өзінің жойқын соққыларымен қақпашыларға айтарлықтай қиындық тудырған. Атап айтқанда, ол жаттығу кезінде жаттықтырушы Зинедин Зиданның ұлы Лука Зиданның иығын жарақаттап алған.

Феди сол кезде клуб басшылығы оны осы қателігі үшін командадан қуып жібереді деп күткен еді.

Сондай-ақ, футболшы бала кезінде дауысына қатысты мәселелер болғанын және бұл оның психологиясына әсер еткенін айтты. Қаржылық қиындықтарға байланысты ота жасата алмаған Вальверде ұзақ уақыт бойы адамдар арасында сөйлеуден ұялып жүрген.

Испания Суперкубогы аясында Альваро Моратаға қарсы жасаған дөрекі фолына тоқтала келе, Вальверде бұл команда жеңісі үшін қажет болғанын атап өтті. Ол сол жағдайда қызыл қағаз алатынын білсе де, «Реал Мадрид» мүддесі үшін тәуекелге барғанын білдірді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде мансабының басындағы қиындықтар туралы айтып берді