date

Гарри Кейн ЧЛ-да Джеррардтың рекордын жаңартты

Харри Кейн ЧЛ-да Джеррардтың рекордын жаңартты

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы кездесуінде «ПСЖ» қақпасына гол соқты. Бұл гол ағылшын футболшысы үшін жарыс тарихындағы маңызды нәтижені иеленуге мүмкіндік берді.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Кейн турнирде соққан голдарының саны бойынша «Ливерпуль» аңызы Стивен Джеррардтың көпжылдық рекордын жаңартты. Енді Харри Кейн Чемпиондар лигасында ең көп гол соққан ағылшын футболшыларының тізімінде көш бастады.

Парижде өткен тартысты бәсеке 5:4 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Мюнхендіктер жеңіліске ұшырағанымен, капитанның жеке жетістігі команда үшін өзіндік жұбаныш болды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гарри Кейн ЧЛ-да Джеррардтың рекордын жаңартты