date

Cristiano Ronaldo Al-Nassr сапындағы алты жылдық сәтсіздікке нүкте қойды

Cristiano Ronaldo Al-Nassr сапындағы алты жылдық сәтсіздікке нүкте қойды

Cristiano Ronaldo Сауд Арабиясына көшкеннен бері алғаш рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. Saudi Pro League-тің соңғы турында Al-Nassr командасы Damac Club-ты 4:1 есебімен жеңіп, көптен күткен чемпиондығын рәсімдеді. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Қазір 41 жастағы португалиялық жұлдыз осы кездесуде дубль авторы атанып, жеңіске зор үлес қосты. Бұл оның 2020 жылы Juventus сапында алған жүлдесінен кейінгі алғашқы ірі табысы. Төрешінің соңғы ысқырығынан кейін Cristiano Ronaldo эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алды.

2023 жылдың басында саудиялық клубқа қосылғалы бері Ronaldo үнемі назарда. Ол өткен екі маусымда 35 және 25 голмен сұрмергендер көшін бастаса да, командасы әр жолы екінші орынмен шектеліп келген еді.

Real Madrid сапында бес рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған шабуылшы енді Португалия құрамасымен АҚШ, Мексика және Канадада өтетін Әлем чемпионатына аттанады. Бұл оның карьерасындағы рекордтық алтыншы мундиаль болмақ. Lionel Messi де алтыншы рет турнирге қатысуға жақын, алайда қазіргі чемпион Аргентина әлі құрамын жариялаған жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Cristiano Ronaldo Al-Nassr сапындағы алты жылдық сәтсіздікке нүкте қойды