Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атанды

2025/2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының маусымы өз мәресіне жетті. Шешуші финалда «ПСЖ» лондондық «Арсеналды» пенальти сериясында жеңіп, қатарынан екінші рет турнир жеңімпазы атанды.
Маусым қорытындысы бойынша мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атанды. Франциялық жұлдыз турнир барысында қарсыластар қақпасын 15 рет дәл көздеп, жекелей жоғары нәтиже көрсетті.
Мбаппеден кейінгі орынды «Бавария» вингері Луис Диас иеленді. Колумбиялық футболшы турнирде 14 гол соғып, сұрмергендер жарысында соңына дейін бәсекелестікті сақтап қалды. Алайда бір гол айырмашылығы Мбаппеге басымдық берді.
Айта кетерлігі, Килиан Мбаппе бұл маусымда тек Чемпиондар лигасында ғана емес, Испания чемпионатында да үздік сұрмерген атанған еді. Ол Ла Лигада 25 гол соғып, «Реал» шабуылындағы басты күштердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қысқасы, «ПСЖ» Чемпиондар лигасында бас жүлдені иеленсе, турнирдің гол соғу бойынша королі Килиан Мбаппе болды. Франциялық шабуылшы клубымен кубоксыз қалған болуы мүмкін, бірақ жеке статистикада тағы да жоғары деңгейін көрсетті.












Пікірлер 0
…