date

Nvidia RTX 60 Rubin бейнекарталарын 2027 жылдың соңында шығарады

Nvidia RTX 60 Rubin бейнекарталарын 2027 жылдың соңында шығарады

Бұған дейін Nvidia RTX 50 Super бейнекарталарын 2026 жылдың басында таныстырады деп күтілген еді. Алайда соңғы мәліметтерге қарағанда, компания назарын келесі буын — RTX 60 сериясын дайындауға бұрды. Бұл туралы playground.ru хабар береді.

Ойынға арналған бейнекарталар нарығында көш бастап тұрған Nvidia-ның әр жаңа буыны миллиондаған пайдаланушы тарапынан асыға күтіледі. Сондықтан келесі желі туралы кез келген ақпараттың сыртқа шығуы бірден талқылауға себеп болады.

Инсайдер Kopite7kimi мәліметінше, RTX 60 карталары GR20x топтамасындағы графикалық процессорлар негізінде құрылады. Бұл чип Rubin архитектурасына сүйенеді — дәл осы архитектура компанияның жасанды интеллектке арналған ең жаңа GPU-ларында да қолданылып жатыр.

Қызығы, Nvidia ойын сегментінде GR102 чипін тікелей қолданбауы мүмкін. Инсайдердің айтуынша, жасанды интеллект пен деректер орталықтарына арналған GR100 шешімінде екі GR102 чипі біріктіріледі.

Сондай-ақ Kopite7kimi RTX 60 сериясы 2027 жылдың екінші жартысында іске қосылатынын атап өтеді. Бұл мерзім Nvidia-ға жад тапшылығына байланысты жағдайды ескеріп, жаһандық сұранысты қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде бейнекарта өндірісін жолға қоюға мүмкіндік беруі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Nvidia RTX 60 Rubin бейнекарталарын 2027 жылдың соңында шығарады