Bosch шкаф ішіне жасырынатын робот-шаңсорғышты таныстырды

"Bosch" және "Ecovacs" компаниялары заманауи асүйлерге арналған жаңа робот-шаңсорғыш моделін таныстырды. Құрылғының басты ерекшелігі сол, ол пайдаланылмайтын уақытта арнайы док-станция көмегімен асүй шкафының ішіне толықтай жасырынады.
Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Жаңа технологияның көмегімен тазалау станциясы жиһаздың бір бөлігіне айналады. Құрылғыны сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне қосу мүмкіндігі бар, бұл пайдаланушыны су ыдыстарын қолмен толтыру немесе босату әуресінен құтқарады.
Тазалаудан кейін станция микрофибра сулықтарды 75 градус ыстық ауамен дезинфекциялайды және 45 градустық ағынмен кептіреді.
Роботтың биіктігі 8,4 сантиметрді құрайды, бұл оған жиһаздардың астына еркін кіруге мүмкіндік береді. Оның сору қуаты 20 000 Па-ға тең, бұл "Bosch"-тың алдыңғы модельдерінен айтарлықтай жоғары көрсеткіш.
Жасанды интеллект көмегімен құрылғы жолындағы заттарды таниды және 2 сантиметрге дейінгі кедергілерден өте алады.
Шаң жинау үшін 2 литрлік қап қолданылады. Жаңа модель осы жылдың көктем айларында сатылымға шығады деп күтілуде.
Әзірге құрылғының нақты бағасы жарияланбағанымен, мамандар оның арзан болмайтынын айтуда.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!