Cloudflare Ресейдің «Max» қосымшасын тыңшылық бағдарлама деп таныды

Cloudflare хостинг-провайдері "Max" ұлттық мессенджеріне тиесілі max.ru доменін тыңшылық бағдарлама ретінде белгіледі. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Бұған дейін компания "Telega" қосымшасына да осындай таңба басқан болатын және ол App Store-дан өшірілген еді. Қазіргі уақытта max.ru жарамды TLS сертификатына ие, қосымша App Store және Google Play дүкендерінде қолжетімді.
"Max" — VK компаниясы әзірлеген көпфункционалды қосымша. Ол хабарлама алмасу, видео және аудио қоңыраулардан бөлек, ақша аударымдары мен жасты растау сияқты қызметтерді қолдайды.
2026 жылғы 21 сәуірде қосымшаның атауы "MAKS" болып өзгертілді. VK мұны сервистің максималды мүмкіндіктерін көрсетуімен түсіндірді.
2026 жылғы 25 сәуірде мессенджерге пікірлер, сауалнамалар мен тарихтар (stories) қосылатыны хабарланды. Ал 27 сәуірде қосымша арқылы 100 мыңнан астам сауда нүктесінде сатып алушылардың жасын растау жүйесі іске қосылды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!