date

Apple Mac mini және Mac Studio компьютерлерінің тапшылығы туралы хабарлады

Apple Mac mini және Mac Studio компьютерлерінің тапшылығы туралы жариялады

Apple компаниясы Mac Studio және Mac mini компьютерлері бірнеше ай бойы тапшылықта болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлады.

Компанияның бас директоры Тим Кук аталған құрылғыларға сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін қалпына келтіру үшін бірнеше ай қажет болатынын атап өтті.

Куктің айтуынша, сатып алушылар жасанды интеллект құралдары үшін бұл платформалардың артықшылықтарын күтілгеннен тезірек түсініп үлгерген. Осыған байланысты компьютерлерге сұраныс күрт артқан.

Соңғы айларда Mac mini және Mac Studio жеткізілімінде кешігулер көбейді. Кейбір модельдерді күту уақыты бірнеше айға дейін созылуда.

Apple 512 ГБ жедел жады бар Mac Studio сатылымын толығымен тоқтатты. Сондай-ақ, жады көлемі үлкен кейбір модельдерге тапсырыстар қабылданбай жатыр.

Өткен аптада Apple онлайн дүкенінде Mac mini-дің базалық моделі қорда болмауына байланысты сатылымнан алынды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Apple Mac mini және Mac Studio компьютерлерінің тапшылығы туралы хабарлады