date

SpaceX ғарышта бір миллион деректер орталығын салуды жоспарлап отыр

«SpaceX» ғарышта бір миллион деректер орталығын салуды жоспарлап отыр

Инвесторлардың назары біртіндеп орбиталық деректер орталықтарының айналасында дамуы мүмкін жобаларға ауып келеді. Мұндай жүйелер әзірге болашақтың еншісінде болғанымен, оларға деген қызығушылық артып келеді.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

«Founders Fund» венчурлық қорының серіктесі Делян Аспарухов Вашингтондағы іс-шарада «SpaceX»-пен тікелей бәсекелеспейтінін мәлімдеді. Оның орнына ол Жердегі жасанды интеллект есептеу міндеттеріне арналған инфрақұрылым бизнесінің мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Varda Space Industries» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Аспарухов бұған дейін орбиталық орталықтар идеясына күмәнмен қарағанын атап өтті. Алайда алдағы онжылдықта ұшу құнының арзандауы және технологиялардың дамуы бұл модельді неғұрлым шынайы ете түседі.

АҚШ-тағы жер үсті деректер орталықтарына қатысты саяси қысым мен қоғамдық наразылық та қосымша факторға айналуда. Бұл жағдай олардың құрылысына шектеулер енгізілуіне әкелуі мүмкін.

Ең ірі бастамалардың қатарында «SpaceX» компаниясының бір миллионға дейін орбиталық орталықтарды орналастыру жоспары бар. Олар алдымен «xAI» және «Tesla» компанияларының ішкі есептеу міндеттеріне қызмет етеді.

Ал «Starcloud» стартапы сыртқы клиенттер үшін 88 мың осындай нысанды құруға рұқсат алуды күтуде.

Әзірге «Founders Fund» мұндай жобаларға ірі инвестиция салған жоқ. Алайда орбиталық орталықтар жаңа инфрақұрылымға сұраныс тудырса, инвестиция салу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » SpaceX ғарышта бір миллион деректер орталығын салуды жоспарлап отыр