Xiaomi өзінің жаңа SU7 электромобиліне 70 мыңнан астам тапсырыс қабылдады

Xiaomi компаниясы Қытай нарығында жаңа SU7 электромобиліне расталған тапсырыстар саны 70 мың данадан асқанын мәлімдеді. Алғашқы жеткізілім басталған кезде бұл көрсеткіш 30 мыңды құраған еді.
Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
SU7 моделінің базалық нұсқасы 219 900 юаньнан басталады. Ол 235 кВт қуатты қозғалтқышпен және 73 кВт/сағ батареямен жабдықталған, бір рет зарядталғанда 720 шақырымға дейін жол жүре алады.
Pro нұсқасы 96,3 кВт/сағ аккумуляторға ие және 902 шақырымға дейін жүре алады. Ал ең жоғарғы Max нұсқасы 508 кВт қуатты екі қозғалтқышпен 835 шақырымға дейінгі қашықтықты қамтамасыз етеді.
Барлық нұсқалар LiDAR, 4D-радар және Nvidia Thor-U есептеу платформасымен жабдықталған. Max нұсқасы Чжэцзян тас жолында 1:37.974 нәтиже көрсетіп, өз баға санатындағы ең жылдам төрт есікті автокөлікке айналды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!