date

Samsung Galaxy смартфондары үшін Google Play System жаңартуы шықты

Samsung Galaxy смартфондары үшін Google Play System жаңартуы шықты

Samsung компаниясы өзінің Galaxy смартфондары үшін Google Play System жүйесін жаңартуды бастады. Небәрі 10 МБ болатын бұл шағын жаңарту құрылғыдағы бағдарламалық қамтамасыз ету күнін 2026 жылғы 1 наурыздан 1 сәуірге өзгертеді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Әзірге жаңарту Үндістандағы Galaxy S26 Plus пайдаланушыларында байқалды. Жақын арада бұл жаңарту басқа аймақтардағы Samsung құрылғыларына да жетеді деп күтілуде.

Жаңартудың нақты мазмұны туралы ресми ақпарат берілмесе де, Google Play System әдетте қателерді түзету, жүйе тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ Android компоненттері мен Google қызметтерін оңтайландыру үшін қызмет етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Samsung жақында ғана One UI 8.5 операциялық жүйесінің соңғы нұсқасын ұсынған болатын. Бұл шағын жаңарту жүйе қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Samsung Galaxy смартфондары үшін Google Play System жаңартуы шықты